«Абай − түркі әлемінің ұлы тұлғасы» симпозиумы басталды

cover

Халықаралық симпозиум онлайн форматта өтеді. Оған Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Татарстан және АҚШ-тан 60-қа жуық абайтанушы ғалым қатысып отыр. Ғылыми жиын үш күнге созылады. Шараны Түркияның Эгей университеті, Еуразия ұлттық университеті мен Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығы ұйымдастырды.

Гүрер Гүлсевин, Tүрік тілі қоғамы төрағасы:

«Биыл Абай Құнанбайұлы туғанына 175 жыл. Түбі бір түркі жұртының ортақ тұлғасының мерейтойы елімізде де кеңінен аталып өтіп жатыр. Өкінішке орай, бірқатар шараларымыз пандемия себепті шегерілді. Дегенмен, бүгінгі секілді симпозиумдарды ұйымдастырып отырмыз».

Марлен Әділов, PhD доктор, түркітанушы:

«Бұл симпозиумның ерекшелігі, мұнда тәуелсіз түркі елдері түгелдей қатысып отыр. Бұл дегеніміз, Абай – тек қазақтың емес, бүкіл түркі әлемінің ұлы ақыны. Ақынның қазаққа қатысты айтқаны, түркі жұртына айтқаны шүбәсіз. Сол себепті оны түркі жұртының ортақ тұлғасы десек, артық айтпасбыз. Оның шығармалары алғаш болып түркі тілдеріне аударылып, ғылыми деңгейде зерттелді».

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар