Ақтау әуежайы не себепті қоршауға алынды?

cover

Куәгерлер полицияның Ақтау халықаралық әуежайы аумағын қоршағаны туралы хабарлады. Полиция департаментінде жағдайға түсініктеме берілді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

5 сәуір күні кешке Ақтау халықаралық әуежайын полиция қоршаған, себебі полиция күдікті заттан күмәнданған.

Басқа куәгерлер әуежайға келушілерді эвакуациялаудың себебі басқада екенін айтады:

— Шымкенттен келген FlyArystan әуе компаниясының ұшағынан ковид-науқас табылды. Ұшақ тұраққа қойылып, бір сағатқа жуық жолаушылар шығарылмады.

Сол күні кешкі сағат 21: 00-де патрульдік-күзет қызметінің полицейлері Ақтау әуежайындағы вокзал маңындағы алаңнан иесі жоқ сөмке тапты. Осыдан кейін полиция әуежайдың іргелес аумағын қоршауға алған.

— Жедел әрекет ету қызметтері хабарландырылды. Әуежай ғимаратынан 350-400 адам эвакуацияланды. Тиісті қызмет сөмкені тексергенде қауіпті немесе заңсыз заттар табылмады. Полиция сөмкенің иесін анықтады — ол 21 жастағы Ақтау-Шымкент бағытының жолаушысы болып шықты, - деп хабарлады көлік полиция департаменті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар