Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты орын алып, бір адам мерт болды

cover Фото: Ақтөбе ПД

Самара-Шымкент тас жолында адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Фото: Ақтөбе ПД

«Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылы бағытында Самара-Шымкент тас жолының 937 шақырымында Белқопа ауылына жақын жерде Toyota Land Cruiser Prado ГАЗ-53 маркалы автокөлігімен соқтығысты. Toyota Land Cruiser Prado көлігін 47 жастағы келіншек жүргізген» делінген Ақтөбе облысы бойынша ПД хабарламасында.

Фото: Ақтөбе ПД

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі алған жарақаттарынан жол-көлік оқиғасы орнында көз жұмды.

Марқұмның 48 жастағы күйеуі, ГАЗ-53 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар