АҚШ-тағы Сәуле Омароваға 26 жыл бұрын ұрлық жасады деген айып тағылды

Қазақстанның тумасы, президент Джо Байденнің ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы лауазымына кандидат Сәуле Омарованы 26 жыл бұрын болған ұрлыққа қатысы бар деп айыптады. Ақпаратты АҚШ республикалық партиясының бас медиаресурсы, Fox News телеарнасы тауып, жариялаған.
Fox News телеарнасының материалында 1995 жылы Омарова TJ Maxx дүкенінен 214 доллар тұратын төрт жұп аяқ киім, екі құты иіссу, екі белбеу және шұлық ұрлағаны үшін қамауға алынғаны айтылған.
Телеарнаның ақпаратына сәйкес, Омарова Висконсин штаты Мэдисонда «дүкен ұрлығымен» ұсталған. Висконсин әділет департаментінің хабарлауынша, оқиға 2 жылы 1995 маусымда болған. TJ Maxx дүкенінің қауіпсіздік қызметі сол күні кезекшілікте болғанын және ұрлықты көргенін Fox News телеарнасына айтып берген. Сонымен қатар, Сәуле Омарованың зергерлік дүкенде бірнеше заттың ақшасын төлегенін, бірақ «сөмке ішінде жасырылған заттарды төлеуге ниеттенбегенін» айтқан. Артынша Омарова қателігін мойындап тауардың құнын төлеген, оған тағылған айыптар алынып тасталған.
BREAKING: AAF unearths Biden nominee Saule Omarova's arrest records from 1995 when she stole hundreds of dollars in merchandise from a T.J. Maxx.
— BidenNoms, A Project of AAF (@bidennoms) November 17, 2021
Omarova has no respect for our laws, system of government, or our economy.
But Biden wants to put her in charge of American banks. pic.twitter.com/G5rlu6MLDT
Басылым Twitter-де American Accountability Foundation коммерциялық емес ұйымы жариялаған іс туралы есеп Сенаттың банк комитетінде Омарованың алғашқы тыңдауына қатысты қиын күресті күшейтті деп атап өтті.
Тағылған айыптардан кейін Ақ үй мәлімдеме жасап Омарованы қорғап шықты, оның «білікті маман» екендігін және бұл жағдайды «түсініспеушілік пен шиелініскен жағдай» деп атады.
«Сәуле Омарова жоғары біліктілікке ие және осы лауазымға оның реттеу саласындағы мол тәжірибесін және күшті академиялық білімін ескере отырып ұсынылды. Ақ үй бұл тарихи номинацияны қатты қолдайды» делінген Ақ үй өкілінің мәлімдемесінде.
Ақ үй өкілі материал дайындаған Fox News телеарнасын сынның астына алды.
– Жамандығымен көрінген саяси топтың, Fox News арнасымен өз еліне қызмет етуге тырысатын білікті кандидатты жамандау үшін біріккені өкінішті, - дейді Ақ үй өкілі.
Жаңалықтар
- «Қашып үлгермеді»: Алматы облысында төбеттер бастауыш сынып оқушысын талап тастады
- «Буындырып тастаймын»: Екібастұзда ойын алаңындағы балаға бір әйел шабуыл жасады
- Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
- Екатеринбургтегі азаптау: Әзірбайжан Ресей күш құрылымдарына қарсы іс қозғады
- Талдыкөлден су тартқан Алматы әкімінің бауырлары жазалана ма?
- «Құлағын жұлып алды»: Алматы облысында 10 жастағы баланы төбеттер талап тастады
- Дәурен Абаев Адам Қадыровтың тойына не себепті барғанын түсіндірді
- Ең ауыр жаза – 22 жыл: Ақтөбеде төбелес шығарған 10 айыптыға үкім шықты
- Тоқаев алғысын айтты: Антикор басшысы Асхат Жұмағали қызметінен кетті
- Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
- Алматыда босанған әйелдің ішінен тоғыз айдан кейін таңғыш табылды
- «Жалған ДНҚ»: Қарағанды соты сәбилерді заңсыз асырап алу ісі бойынша үкім шығарды
- Атырауда ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіргені үшін сотталды
- Адам Кадыровтың үйлену тойына Қазақстан елшісі қатысты
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры