АҚШ Ауғанстандағы әскери миссиясын аяқтады

cover Фото: iz.ru

АҚШ Ауғанстандағы әскери миссиясын аяқтап, соңғы американдық сарбаздар Кабулдан кетті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Бірақ эвакуация аяқталғанына қарамастан, Вашингтон Ауғанстаннан кеткісі келетін адамдарды шығарудың жолдарын іздеуді жалғастырады. Кабул әуежайы тәліптердің бақылауына өтіп кетті. Сонымен қатар, Ақ үй басшысы 31 тамызда аяқталған Ауғанстаннан адамдарды көшіру операциясын ұзартпайтынын айтты.

Джо Байденнің айтуынша, «әлем осы міндеттемелерді орындауға тырысады». Айта кету керек, жиырма жыл бойы американдық әскер Ауғанстанда болып, осы уақыт аралығында екі мыңнан астам американдық әскери қызметші қаза тапты.

– Мен осында біздің әскерді Ауғанстаннан шығару және әскери миссияның аяқталуы туралы хабарлау үшін келдім. Соңғы ұшақ Хамид Карзай халықаралық әуежайынан бүгін түстен кейін көтерілді. Ауғанстанда болған 20 жыл ішінде біз екі мыңнан астам сарбазды жоғалттық, 20 мыңнан астам адам жараланды, - деді АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы Фрэнк Маккензи.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар