Ақмола облысында сертификаты жоқ 87 қорап пиротехникалық зат тәркіленді

cover

Ақмола облысы аумағында 15 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында «Пиротехника-2021» жедел-алдын алу шарасы өтуде.

Шара барысында ақмолалық полицейлер 87 қорап сертификатсыз пиротехникалық бұйымдарды тәркіледі.

Полиция қызметкерлері ТЖМ азаматтық қорғау органдарымен бірлесіп сертификатсыз пиротехникалық бұйымдар саудасын анықтау және жолын кесу мақсатында күн сайын рейд жүргізеді. Базарлар мен сауда орындары күн сайын тексеріліп, сертификатталмаған өнімді көтерме саудадан шығару шаралары қабылдануда.

Сондай-ақ, полиция назары кәмелетке толмағандардың, оның ішінде білім беру ұйымдары аумақтарында пиротехникалық бұйымдардың пайдалануына  жол бермеуге аударылады.

Шара барысында 37 бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (Тауарлар мен өзге де заттардың заңсыз айналымы) 196 бабына сәйкес, тәртіп бұзушыларға 25 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Сонымен қатар 87 қорап сертификатсыз пиротехникалық заттар сатылымнан алынды.

Бұл ретте тәртіп сақшылары сапасыз немесе мерзімі өтіп кеткен петардалар, отшашулар, салюттар өмірге қауіп төндіретінін еске салады. Олар кез келген уақытта жарылуы мүмкін. Пиротехникалық құралдарды дұрыс пайдаланбау да жазатайым оқиғаларды тудыруы мүмкін, сондықтан өнімдерді нұсқаулыққа сәйкес пайдалану қажет.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар