Ақмола облысында есірткі сатқаны үшін 19 адам сотталды

cover Сурет pixabay.com сайтынан алынды

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі бизнесіне қатысты 10 қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Ақмола облыстық соты.

«Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 2020 жылдың 10 айында 19 адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, оларды сату, жіберу немесе сату мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау) 10 қылмыстық істі қарады. Тізімде әйелдерге қатысты 2 қылмыстық іс әшкереленді», - делінген Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

Сот үкімімен 19 адам бас бостандығынан айырылды. Оның ішінде 18 адам 5 жылдан 12 жылға дейін, 1 адам 12 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар