Қазақтың «тақиялы періштесі» Әлімғазы Райымбеков өмірден озды

cover

Шоқтығы биік тұлға, қазақтың «Тақиялы періштесі», Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков өмірден озды, деп хабарлайды ORDA. тілшісі 7-su.kz сілтеме жасап.

1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген Әлімғазы Сұмағұлұлы алғашқы еңбек жолын ауылда жүргізуші болып бастаған. 1966 жылдан бастап кино әлеміне аяқ басқан ол «Қилы кезең», «Тақиялы періште», «Көгілдір такси», «Қан мен тер» секілді оннан аса кинофильмге түсіп, қазақтың «Тайлағы» атанған. Бірнеше мерекелік медаль мен Құрмет грамоталарын алған.

Өмірінің соңына дейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан Әлімғазы Райымбеков жас ұрпақ тәрбиелеуге үлкен үлес қосып, ел арасында сыйлы азамат атанды. Әлемдік індеттің салдарынан тағы бір жарық жұлдыз ортамыздан кетті. Әйгілі актердің есімі әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады.

Әлімғазы Смағұлұлының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар