7 сәуірге ауа-райы болжамы

cover

Синоптиктер Қазақстанда 7 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты.

— Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, республика бойынша кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе, түнде Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар