49 мың отандасымыз қыркүйекке дейін Ресейде қала алады

cover

Ресейдегі қазақстандықтар құжаттарын 30 қыркүйекке дейін жасата алады. Жарлыққа Владимир Путин 15 маусымда қол қойды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Kremlin.ru басылымының айтуынша, бұл жарлық заң бұзғандарға, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіргендерге және экстремизм мен терроризмге күдік туғызғандарға қатысы жоқ.

Еске салсақ, сәуірдің басында 49 мың Қазақстан азаматы, 120 Әзірбайжан азаматы, 115 мың Қырғызстан азаматы, 247 мың Тәжікстан азаматы, 332 мың Өзбекстан азаматы және 152 Украина азаматы Ресейде миграция тәртібін сақтамай жүргені белгілі болған.

15 маусымда оларға тиісті жаза қолданылуы керек еді, алайда Ресей жаңа жарлық қабылдаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар