4 баласы бар: Пашинян азаматтық некедегі әйелімен ажырасты
Фото: Анна Акопянның Facebook парақшасынан
Армения премьер-министрі Никол Пашинянның жұбайы Анна Акопян екеуінің азаматтық некесі аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz Gazeta.press сайтына сілтеп.
Бұл туралы Анна Акопян Facebook парақшасында мәлімдеді.
«Менің премьер-министр Никол Пашинянмен азаматтық некем аяқталды. Осы тақырыпты талқылау кезінде сабырлық пен әдеп сақтауларыңызды сұраймын» деп жазды ол.
Анна Акопян ажырасу себебін ашып айтпады.
Никол Пашинян мен Анна Акопян 1990-жылдардан бері жақын араласқан. Олар Ереван мемлекеттік университетінде оқып жүрген кезде танысқан. Ерлі-зайыптылар ресми түрде некелерін тіркемеген. Олар азаматтық некеде болған. Пашинян мен Акопянның төрт баласы бар.
Пашинян Анна Акопянға ресми түрде үйленбегенін «отбасымды қорғау үшін» деп түсіндірген. Саясаткердің айтуынша, 1990-жылдары оппозиционер болған кезінде ол қамауға алынып, мүлкі тәркіленуі мүмкін деп ойлаған. Сондықтан бірге сатып алған пәтерді балаларын ойлап, Аннаның атына рәсімдеген.
Пашинян 2018 жылы билікке келгеннен кейін Анна Акопян қоғамдық өмірге белсенді араласып, қайырымдылық және әлеуметтік жобалармен айналысты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Түркістанда тағы да жантүршігерлік оқиға: Басына секіріп, өлімші етіп сабаған
- Түркістанда 15 жастағы қыздың ішінен 1 келі шаш шықты
- Ақша берді ме? Қостанайлық полицейдің әрекеті видеоға түсіп қалған
- 4 баласы бар: Пашинян азаматтық некедегі әйелімен ажырасты
- Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
- Түркістан облысында қауіпті темекі түрін дайындап сатқан 3 цехтың жұмысы тоқтады
- АҚШ-та мектептегі хоккей матчында атыс болды: Үш адам оққа ұшты
- Түркістан облысында 4 жасар балақай 5-сынып бағдарламасын меңгерген
- Burger King желісіндегі дау: Басшылардың бірі уақытша шеттетілді
- СҚО-да ер адам танысының қолынан қаза тапты
- Тоқаев Си Цзиньпинді жаңа жыл мерекесімен құттықтады
- Екі құрбысы ажал құшқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі кінәсін мойындамай отыр
- «Қайта ұсталды»: Теміртауда полицейлер күдіктіден көз жазып қалған
- Burger King жанжалы: Шетелден келген басшы инклюзив жігітті қудалап жатыр ма?
- Бадам өзенінен тас ұрлағандарға қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды
- Тоқаев Литва президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
- Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 турнирі жеңімпаздарын марапаттады
- Алматыда ерекше балаларды оқытатын тағы бір мектеп жұмысын тоқтатуға мәжбүр
- Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша Олимпиада ойындарының ширек финалына жолдама алды
- Ресей президенті Қазақстанға мамырда келеді