«37-ші секундта нокаутқа жіберді»: Аружан Жаңабаева бокстан Азия чемпионы атанды
ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Қазақстандық Аружан Жаңабаева Шри-Ланкада өткен Азия чемпионатының финалында қарсыласын 37-ші секундтан соң нокаутқа жіберіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аружан Жаңабаев Азия Чемпионаты (U22) жеңімпазы атанып, еліміздің намысын қорғады.
«Аружан Жаңабаева Шри-Ланкада өтетін бокстан Азия чемпионатының (U22) финалында Қазақстанның жетінші боксшысы рингке шықты. 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аружан Жаңабаева турнирдің қожайыны Мудиансе Наякаразнаны жеңді. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Небәрі 37 секундтан соң жеңіп шықты», — деп мәлімдеді комитет.
Осылайша Аружан елімізден аттанған 9 қазақстандықтың ішінен алғаш алтын алған боксшы болды.
Бұған дейін медаль алған боксшылар: Элина Базарова (54 кг), Виктория Байдукова (57 кг), Анар Тұрсынбек (60 кг), Ұлдана Таубай (66 кг), Бақыт Сейдіш (70 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг), Жібек Жарасқызы (81 кг) және Әсел Тоқтасын (өте ауыр салмақта).
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді