31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Олар қазір де бар ма?
Фото: regnum.ru
31 мамыр қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары бұрынғы мәжбүрлі еңбекпен түзеу лагерлеріне келеді. Қазақ КСР кезінде олардың саны 11-ге жеткен. Ал бүгінгі таңда олар мұражайға айналып үлгерген. Өткен ғасырдың 30-40-шы жылдарын билік «ұлттық шежіренің қара беті» деп атайды және ондай енді қайталанбайтындығына барынша сендіреді. Бірақ кейбір құқық қорғаушылар мен белсенділер олардың сөздеріне сенбейді.
Сталиндік саяси қуғын-сүргін тек қазақ даласынан өткен жоқ. КСРО тарихында бұл уақыт «үлкен террор» деп аталады. Қажетсіз адамдар «антикеңестік үгіт», «антиреволюциялық қылмыстар» үшін түрмеге жабылды. Олар жүйелі түрде өлім жазасына кесілетін не лагерьлерге жіберілетін.

«Өткен ғасырдың бірінші жартысындағы саяси қуғын-сүргін миллиондаған адамдардың – бұрынғы Кеңес Одағы азаматтарының тағдырын бұрмалады. Қазақстанда жүз мыңнан астам адам әділетсіз сотталды, олардың төрттен біріне жуығы өлім жазасына кесілді. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жолында тынымсыз жұмыстар жүргізіле бастады» деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қорымдар
Алматы облысы Жаңалық ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының бір мұражайында ғана НКВД зынданында қаза тапқан 4125 адамның аты-жөні қара тасқа қашалып жазылған.
«Саяси сотталғандарды ақтау Сталин қайтыс болғаннан кейін бірден басталды. «Оңалту» терминінің өзі сотталғандардың жазықсыз болғанын білдіреді. Ал олардың үстінен қозғалған қылмыстық істер ойдан шығарылған немесе олар Кеңес өкіметіне қарсы қылмыстарын азаптаумен мойындауға мәжбүр болған. Олардың барлығы жақсы атын қайтаруы керек. Қайта қалыпқа келтіру керек, өйткені олар халық жауы болмаған» дейді мұражай меңгерушісі Мейіржан Мұсабаев.

Алматы облысында олар өлім жазасына кесілгендердің жаппай жерленген жерлерін табуды жалғастыруда. Енді тарихшылар белгісіз бейіттер болуы мүмкін кем дегенде үш жерді зерттемекші.

Репрессиялар жалғасып жатыр ма?
Құқық қорғау ұйымдарының мәліметі бойынша, қазір Қазақстанда саяси көзқарасы үшін қуғынға ұшыраған 200-ден астам адам бар. Олардың көпшілігі бостандықта жүрсе де, олар үшін айтарлықтай шектеулер бар.
«Құдайға шүкір, өткен ғасырда орын алған өлім жазасына кесу, кісі өлтіру қазір қолданылмайды. Қазір бас бостандығын шектеу бар. Адамдар қоғамдық қызметпен айналысу құқығынан айрылып, экстремизм мен терроризмді қаржыландыратын тұлғалар тізіміне енгізу арқылы оларды саяси аренадан алшақ ұстауға, саяси іс-шараларға қатыстырмауға түрлі шектеулер бар. Сондай-ақ, кей жағдайда адамдар банктік шоттарын пайдалана алмай, сақтандырыла аламай жатады. Осыған ұқсас шектеулердің үлкен тізімі бар» дейді Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан бюросының басшысы Евгений Жовтис.
Құқық қорғаушылардың қатарында саяси себептермен қуғынға ұшырағандардың арасында азаматтық белсенділер де аз емес. Мәселен, 15 жыл түрмеде жатып, түрмеден шыққаннан кейін бірнеше аптадан кейін қайтыс болған Арон Атабек, жақында ұсталған Жанболат Мамай.
«Билікті сынағаны үшін олар жауапқа тартылып, жазалануы мүмкін. Оппозициялық қозғалыстарға қатысу ниеті және партия құрудың конституциялық құқықтарын сақтау талабы үшін. Біздің елде келіспеушілік онсыз да экстремизм» дейді қоғам қайраткері Жасарал Қуанышәлин.
2006 жылы Жасарал Қуанышәлин Қазақстан президентінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айырылған. Ол кезде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев болған. Бірақ Қуанышәлин рақымшылық бойынша жазасын өтеуден босатылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық