300 ірі фирма Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті – Смайылов

cover

Премьер-министр Әлихан Смайылов ҚР Парламенті Мәжілісі отырысы аясында өткен брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Үкімет басшысы шетелдік компаниялардың Қазақстанға келуі туралы ақпарат берді.

– Үкімет аймақтық өндірістері мен кеңселерін көшіруді егжей-тегжейлі зерттеу үшін 300 ірі фирма тізімін жасады. Бүгінгі таңда 56 компания біздің елімізде жұмыс істеуге ниет білдіріп отыр. Олардың орналасу шарттары, уақыты және орны бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазақстанға «көшіп келген» компаниялар арасында Honeywell, inDriver, Fortescue, Marubeni және басқалары бар, – деді ол.

Смайыловтың айтуынша, Astana LRT жобасын қаржыландыру кезең-кезеңімен жалғасады.

– Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесінің (LRT) құрылысы оңтайландырылған түрде жалғасады. Жобаны қаржыландыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Күзде жұмыстарды жүргізуге 20 млрд теңге бөлінді, – деді Смайылов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар