30 қазанға ауа райы болжамы: бірнеше облысты тұман басады

cover

30 қазанда Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп мәлімдеді Қазгидромет РМК.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетауда түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында түнде және таңертең тұман.

Шымкентте түнде тұман түседі.

Атырау облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар