3 миллион доллардың есірткісі: Ұлытау облысында ірі есірткі арнасының жолы кесілді

cover Фото: Бейнеден кадр

Ұлытау облысында ірі есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырғандар құрықталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері ірі есірткі жеткізу арнасын жойды. Ол елдің оңтүстік аймағынан ұйымдастырылғаны белгілі болды. 

Жезқазған - Қарағанды автожолында есірткі тасымалдауға қатысы бар бес адам ұсталды. Көлікті тексеру кезінде 13 пакет ішінен 300 келіден астам марихуана табылған. Оның қара нарықтағы құны үш миллион АҚШ долларына жетеді.

 «Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі есірткіні өндіру мен тарату бойынша кез келген заңсыз әрекеттің жолын кеседі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар