29 жастағы футболшы ойын кезінде қайтыс болды

cover Видеодан алынған кадр

Оман чемпионатында футболшы ойын алдындағы қыздырыну кезінде қайтыс болды.

Маскаттың ойыншысы Мухалад Аль Рукадидің ойын басталуына бірнеше минут қалғанда кенеттен есінен танып қалған. Футболшының жүрегі тоқтап қалғандықтан, ауруханадағы дәрігерлердің талпынысы да көмектеспеді. Жігіт небәрі 29 жаста еді.

Әріптестердің, қарсыластардың, төрешілердің көз жасынан кейін бұл ойын өтпей қалды. Бірақ сол күні басқа ойындарды өткізу туралы шешім қабылданған.

Ойын бір минут үнсіздікпен басталды, бірақ бұл жергілікті федерацияны жанкүйерлердің ашуынан құтқара алмады. Жанкүйерлер футбол билігінің отставкаға кетуін талап етуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар