23 жыл: Судья Шерзаттың өліміне кінәлілерге неліктен ауыр жаза бергенін түсіндірді
Фото: Orda.kz
Қоғамды дүр сілкіндірген 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот аяқталды. Судья прокурорлар сұраған жазаны тағайындады. Шерзатты өлтірді деген басты күдіктінің бірі Абзал Шынасылға сот 23 жыл бас бостандығынан айырылды. Үкімді оқып болған соң сот шешімін түсіндірді, деп деп хабарлайды Orda.kz.
Судья әуелі дәлелдердің толық зерттелгенін, сотталушылардың кінәсі толық дәлелденгенін айтты.
«Сот барлық ұсынылған дәлелдемелерді зерттеп, сотталушылардың тағылған айып бойынша кінәлары толық дәлелденген деген тұжырымға келді. Жәбірленушілердің, куәлардың айғақтары оқиға орнынан алынған бейнежазбалар бар. Заттай дәлелдемелер алынған. Қажетті сараптамалардың барлығы өткізілген. Олардың шынайлылығында күмән жоқ. Сотталушылардың әрқайсысының әрекеттерін нақты анықтауға мүмкіндік береді», — деді судья Ержан Жанұзақов.
Ол басты күдікті Абзал Шынасылға неліктен 23 жыл жаза бергенін де айта кетті.
«Шынасылға Шерзат Полаттың өліміне алып келген, пышақ жарақатын келтіргені, медициналық-криминалистік сараптама қорытындысымен бекітілген. Сараптама Шынасылдан алынған пышақпен, пышақ жүзінің сипаттамасына байланысты жарақат келтірілгенін көрсетті. Пышақ Шынасыл көрсеткен жерден алынған, тергеу кезінде Шынасыл кінәсін мойындап айғақ берген», — деді ол.
Ал қалған айыптылардың неліктен бұзақылық бабы бойынша Абзалға қарағанда аз жаза алғанын былай деп түсіндірді:
«Осы орайда басқа сотталушылардың әрекетінің салдарынан Шерзат Полатқа жеңіл дәрежелі зиян келтірілген. Бұл да сараптама қорытындысымен расталды. Заң бойынша адам өлтіруді адамдар тобымен жасалған деп егер ол екі немесе одан да көп тұлғалардың бірлесіп жасағанда танылады. Жоғарыда айтқанымдай өлімнің себебі бір пышақ соққысынан болған және оны Шынасыл жасаған. Сәйкесінше адам өлтіру бойынша кінәлі деп таныды. Бұзақылық — заң бойынша арсыздықпен барынша арсыздықпен ерекшеленетін, соның ішінде күш қолданумен, соның ішінде жеңіл дәрежелі денсаулыққа зиян келтірумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті аса қатігездікпен бұзу болып танылады. Сондықтан жәбірленушілердің денсаулығына соның ішінде Полатқа жеңіл дәрежелі зиян келтірген сотталушылардың әрекеттері бұзақылық ретінде сараланған», — деді Жанұзақов.
Еске сала кетсек, сот алдында тілшімізге марқұмның әпкесі кінәлілердің бәріне тобымен ауыр жаза берілуін талап ететінін айтқан еді.
Судья Ержан Жанұзақов сотталушыларға үкімін оқып, басты күдікті Абзал Шынасылға 23 жыл жаза тағайындайтынын айтты. Ал Равиль Сакиев 20 жыл, Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі – 9 жыл, Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл, Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.
Бұл оқиға қазақ қоғамын дүр сілкіндіріп, қызу талқыға түсті. Оқиға былтыр Талғарда 4 қазан күні болды. Бір топ адам, соның ішінде осы сотталушылар бар дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. 9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. 12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді