22,5 млрд қаржы елді-мекендерді қаржыландыруға бөлінді

cover

Аталмыш қаржы келесі жылдың аяғына дейін Қазақстанды газдандыруға бағытталды. Бұл 58 жобаны жүзеге асыруға жоспарланғандығы туралы, Үкімет отырысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеген.

Министрдің айтуынша, 10 миллионға жуық адам көк отынға қол жеткізеді. 2025 жылға қарай 11 миллион адам газбен қамтылуы керек. Алдымен, «Сарыарқа» жобасының екінші және үшінші кезеңдері жүзеге асырылады. Жоба барысында Шығыс Қазақстанды газдандыру, сондай-ақ аймақтық желілерді кеңейту және қайта құру жоспарлануда. Соңғы 5 жылда республиканы газбен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 125 миллиард теңге бөлінген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар