Әлия Назарбаева «Жасыл ел» кеңесін басқарады

cover

Тұңғыш Президенттің қызы Әлия Назарбаева «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кеңесін басқарды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Тағайындау бесінші сәуірде өткен «Жасыл ел» МТҰ Кеңесінің бірінші отырысында жарияланды.

— Экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрайымы Әлия Назарбаева — «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің төрайымы болды, - делінген хабарламада.

«Жасыл Ел» кеңесі құрамына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, экологиялық және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері кіреді:

  • Айгүл Соловьева — «Қазақстанның экологиялық ұйымдары Қауымдастығы» ЗТБ Басқарма Төрайымы, кеңес төрағасының орынбасары»;
  • Майя Бекбаева — журналист, тележүргізуші, продюсер, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;
  • Тимур Елеусізов — «Экологиялық одақ» төрағасының орынбасары»;
  • Эмин Әскеров — кәсіпкер, қоғам қайраткері, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі;
  • Тоқтар Болысов — кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстан жастарының Конгресі» ЗТБ атқарушы директоры»;
  • Азамат Данияр — кеңес хатшысы, «Жасыл» МТҰ республикалық штабының жетекшісі»;
  • Нұртөре Жүсіп — Сенат депутаты;
  • Елдос Абақанов — Мәжіліс депутаты;
  • Айжан Сқақова — Мәжіліс депутаты;
  • Тілектес Адамбеков — Мәжіліс депутаты;
  • Мәди Ахметов —Мәжіліс депутаты;
  • Болат Бұхарбай — блогер.

Айта кетейік, «Жасыл ел» жобасын жүзеге асыруға 2018 жылы республикалық бюджеттен шамамен бір миллиард теңге бөлінген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар