2025 жылға қарай Алматыда апатты жағдайдағы 708 үй бұзылады

cover Фото: Айқын

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша мегаполисте 1921-1975 жылдар аралығында салынған пайдалану мерзімі өтіп кеткен 1,4 мың көппәтерлі екі қабатты үйлер (14,8 мың пәтер) анықталған. 

Бұл үйлерде  60 мыңнан астам адам тұрады. Ағымдағы жөндеу бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін оның 6,6 мың пәтерлік үйдің 708-ін бұзу жоспарлануда.

Атап айтқанда, 2024 жылы төрт ауданда ғимараттарды бұзып, тұрғындарды көшіру жоспарлануда:

1. Түрксіб ауданы – Алтай-2 ықшам ауданы, Лев Толстой, Спартак, Молдағалиев, Ақынов, Чернышевский, Сейфуллин, Касин көшелерінің бойындағы үйлер;

2. Жетісу ауданы – Боткин, Азов, Грибоедов, Сүйінбай, Дулыға, Вольная көшелері бойындағы үйлер;

3. Бостандық ауданы – Абай даңғылы (бес апатты үй) бойындағы үйлер;

4. Алатау ауданы – Фадеев көшесі бойындағы үйлер.

2022 жылғы 30 қарашада мәслихаттың қоныс аудару қорынан сатып алуға 29,7 миллиард теңге бөлуді мақұлданған. Бұл қаражат Алматының бастапқы нарығында 1,5 мың пәтер сатып алуға арналған. Оның ішінде 2023 жылы сатып алынған 330 пәтер бар. Мемлекеттік сатып алу порталында тағы 670 пәтер сатып алу қажеттігі туралы хабарландыру жарияланды.

Бұл апатты үйлерде тұратын 1,5 мыңнан астам отбасын қоныстандыруға, сондай-ақ жайлы тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым салу үшін жаңа алаңдарды дайындауға, келешекте халықты заманауи тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Тозығы жеткен тұрғын үйлерді жөндеу барлық меншік иелерінің 100% келісімімен ғана жүзеге асырылады. Көшіру тұрғындардың санына қарамастан жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаттарына сәйкес «бөлме үшін бөлме» қағидаты бойынша балама пәтерлерге жүзеге асырылады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар