2020 жылы әлемдегі әскери шығындар 2,6%-ға өсті

cover

2020 жылы әлемдегі әскери шығындар 1,98 трлн доллардан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6%-ға көп.

Бұл туралы Orda.kz Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтына (SIPRI) сілтеме жасап хабарлады.

Шығындар бойынша алғашқы бестікке АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей және Ұлыбритания кірді. Бұл бүкіл әлемдік әскери шығындардың 62%-ын құрады:

  • АҚШ (778 млрд доллар)
  • Қытай (252 млрд доллар)
  • Үндістан (72,9 млрд доллар)
  • Ресей (61,7 млрд доллар)
  • Ұлыбритания (59,2 млрд доллар)

SIPRI мәліметтері бойынша, әлемдік әскери шығындар бір жыл ішінде 2,6% -ға өсті, ал ЖІӨ 4,4%-ға қысқарды.

– Әскери шығыстар деп аталатын әскери шығындардың ЖІӨ-дегі үлесі - 2020 жылы 2,4%-ке, 2019 жылы 2,2%-ке жетті. Бұл әскери ауыртпалықтың жыл сайынғы негізде 2009 жылғы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстан кейінгі ең үлкен өсімі болды, - делінген баспасөз хабарламасында.

SIPRI мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның 2020 жылға арналған әскери шығындары 1,7 млрд долларды құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,2%-ға аз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар