2020 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық ең төменгі деңгейге жетті

cover

2020 жылдың соңында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,55 пайызға жетті. Бұл 1999 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлады Statista.com.

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі туралы мәлімет берді. 1999 жылы елдегі жұмыссыздық деңгейі 13,46 пайызды құрады, бірақ содан бері көрсеткіш жыл сайын тұрақты төмендеп келеді. Ал 2020 жылдың күзінде ол ең төменгі деңгейге жетті - 4,55 пайыз.

Сонымен қатар, пандемияға байланысты 2020 жылдың жазында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздықтың 6,1 пайыз деңгейін болжады. Statista.com мәліметі бойынша, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 2008 (6,63 пайыз) және 2009 жылы (5,77 пайыз) көрсеткішіне жақын болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар