2006 жылғы банкноттардың мерзімі аяқталып қалды

cover

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2, 5, 10 мың теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау 1 ақпанда аяқталады, - деп мәлімдеді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Оның айтуынша, 2006 жылғы 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноттардың мерзімі аяқталып қалды.

Жеке тұлғалар үшін банкноттар тек Ұлттық банктің филиалдарында айырбасталады.

«Осы аталған банкноттар қолда бар болған жағдайда, Ұлттық банктің жақын маңдағы филиалына барып, 1 ақпан сағат 15:00-ге дейін ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырып алуды сұраймыз», - дейді Жомарт Қажымұратов

2021 жылдың 2 ақпанынан бастап аталған банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылданбайды және ауыстырылмайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар