20 мамырға ауа-райы болжамы: - 2 градус аяз болады

cover

20 мамырға ауа-райы болжамын «Қазгидромет» РМК таратқан ақпаратқа сүйеніп жариялаймыз.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Синоптиктер елдің (батыс және оңтүстік аймақтарды қоспағанда) қатты суық болатынын ескертеді.

Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс облыстардың тұрғындарын 2 градусқа дейін аяз күтіледі. Сонымен қатар келесі күні, яғни 21 мамырда ауа температурасы күрт көтеріледі.

Сондай-ақ, Қазақстанның кейбір аймағында жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар