17 жастағы баланың өліміне кінәлілер 8 жылға сотталды

cover

26 сәуірде 2020 жылы «Қатарластарының қолынан қаза тапқан» жасөспірімнің ісі бойынша Шымкент қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды.

Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.

Сот ауруханада көз жұмған 17 жастағы Абзалбек Өткіровті соққыға жыққан алты айыпталушыны 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

Үкімді судья Дәурен Сайханов оқыды.

Сотталушы Жанболат Үсіпбаев – 8 жылға, Нұржан Ыбраев – 6 жылға, Әмірхан Оңғар, Төребек Барат, Абылайхан Турашев, Нұрдәулет Амангелді әрқайсысы – 6 жыл 8 айға сотталды. Олар үкімді онлайн тыңдады.

Еске салсақ, 2020 жылдың 23 мамырында Шымкентте 17 жастағы Абзалбек Өткіровті бір топ қатарласы сабап кеткен. Салдарынан жасөспірім ауруханада көз жұмған.

Сот 2020 жылдың 26 қарашасында басталған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар