«14 жастағы қыздың жүктілігін ешкім байқамаған» — денсаулық вице-министрі түсіндірме берді
Фото: Orda.kz
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Ақтөбеде 14 жастағы қыздың жүкті болып, босануына қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім әжесінің 1961 жылы туған күйеуінен жүкті болған. Вице-министр қыздың үш рет медициналық тексеруден өтті деген ақпаратты жоққа шығарды.
Сұлтанғазиевтің айтуынша, профилактикалық тексеру мүлде жүргізілмеген.
«Бар болғаны наурыз айының басында бір скрининг өткізілді. Сол кезде жүктіліктің бастапқы кезеңі болғандықтан, оны анықтау мүмкін болмаған. Бұл скринингке офтальмолог пен отоларинголог секілді мамандар қатысқан, акушер-гинекологтар болмаған. Қыздың ешқандай шағымы болмағандықтан, арнайы тексеру де жүргізілмеген», — деді ол.
Вице-министр мектептерде жоспарлы тексеруге профильдік мамандарды тарту қажеттігін атап өтті.
«Жоғары сыныптағы қыздарды гинеколог пен акушердің қабылдауынан өткізу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Бұл шара Ақтөбедегі жағдайға байланысты емес, тек алдын алу тұрғысынан пайдалы болуы мүмкін деп есептейміз», — деді Сұлтанғазиев.
Бұл оқиғаға мәжіліс депутаты, бұрынғы білім министрі Асхат Аймағамбетов те пікір білдірді. Ол міндетті скрининг енгізу мәселені толық шешпейтінін айтты.
«Біз кейде асығыс шешім қабылдауға бейімбіз. Дәл осы скрининг жағдайды түбегейлі шешеді деген сөз жоқ. Бұл мәселенің түбі тереңде жатыр. Мектептерде гинекологтардың болуы пайдалы шығар, бірақ бұл — ақпараттық мәдениет, отбасы тәрбиесі, мектептегі ахуал және жалпы қоғам мәселесі екенін естен шығармау керек. Сондықтан мұның бәрін зерттеп, мұқият талдау қажет», — деді Аймағамбетов.
Айта кетейік, күні кеше Ақтөбе облысы Ойыл ауданында сабақ үстінде ішінің ауырғанын айтып жылаған оқушы қыздың жүкті екені және толғақ қысқаны анықталған. Оқушы босанғанға дейін оның жүктілігі жайлы ешкім білмеген. Күдікті ретінде қыздың анасының өгей әкесі ұсталды.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді