13-15 сәуірге ауа-райы болжамы: Қазақстанда күн жылиды

cover

«Қазгидромет» РМК Қазақстанда 13-15 сәуірге арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Orda.kz.

Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар