112: түні бойы адасып кеткен балықшыны іздедік

cover

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар 59 жастағы ер адамның өлімінің алдын алды

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам Есіл өзенінде, Прибрежное ауылының маңында балық аулауға келген. Балықшы көлігін жағалауға жақын қалдырып, өзі мұзға балық аулауға шыққан.

«Мен таңертеңгі сағат 10-да балық аулауға шыққанмын. Кешкі 6-ға дейін тоқтаған жерден біртіндеп алыстап кетіппін. Құралымды жинап, жағалауға қарай жылжи бастағанымда өзімнің адасқанымды түсіндім», - деп, болған жағдайды түсіндірді балықшы.

«Ол түнгі сағат бір жарымда 112-ге қоңырау шалды. Қызылжар өңірінің құтқарушылары мен полицейлері аңшымен бірге Вороний аралы мен Пороховое көлінің маңында іздеу жұмыстарын бастады. Адаммен байланыс болды. Таңғы сағат бестер шамасында оның Бәйтерек ауылынан екі шақырым жерде, Есіл өзеніне жақын жерде екендігі анықталды. Зардап шегушіні оның көлігіне алып барды. Құтқарылған адамға медициналық көмек қажет болмады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар