1 желтоқсанда Тұңғыш президент күні аталып өтіледі

cover Фото: Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз қызметі / ТАСС

Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер енгізетін үкімет қаулысының жобасы дайындалды.

Zakon.kz хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні – 1 желтоқсан, деп мерекелер тізімі жаңа 44-1 тармағымен толыққан.

Түсініктемеде айтылғандай, бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және басқа да әлеуметтік мәні зор әлеуеті жоғары даталарға ұқсас аталып өтіледі. Бірақ демалыс берілмейді.

Бұған дейін ҚР Тұңғыш президенті күні мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды. Құжат 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар