Зілзала тіркелді: Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама жіберілді
Фото: Orda.kz / Игорь Улитин
Алматы қаласының тұрғындары ұялы телефондарына жер сілкінісі туралы хабарлама алғанын хабарлады, деп жазады Orda.kz.
Алайда қалада дабыл сиреналары қосылған жоқ.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабыр сақтауға шақырып, «сейсмологтардан ақпарат түскен жоқ» деп мәлімдеді.
21 қыркүйек күні сағат 16:25-те ТЖМ сейсмикалық станциялары Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді. Магнитудасы 3,8, энергетикалық класы – 7,2. Мамандардың есебі бойынша, бұл жер сілкінісі сезілмейтін деңгейде болған. Алматыда да ешкім дүмпуді байқамады.
Алматы қаласы ТЖД түсініктеме беріп, 21 қыркүйек күні сағат 16:20-да жоспарлы тоқсан сайынғы техникалық тексеріс жүргізгенін хабарлады.
«Бұл оқу-жаттығу жүйені тексеруге арналған. Ол «Барлығына назар аударыңыз!» деген бірыңғай дабыл сигналын беру арқылы жүзеге асырылады. Тексеру барысында электрлі сиреналар қосылады, теледидар мен радио арналары автоматты түрде үзіледі және халыққа жүйенің дайындығын тексеру туралы хабарлама беріледі», – деп түсіндірді ведомство.
Сондай-ақ, ТЖД жүйенің қалай іске қосылғанын түсіндірді.
«Mass Alert хабарлау жүйесі сейсмологтардың датчиктері іске қосылғаннан кейін автоматты түрде жұмыс істей бастады. Сабыр сақтауды сұраймыз! Қауіп жоқ. Нақты ақпарат қосымша хабарланады», – деп мәлімдеді департамент.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады