Жұбаныш Жексенұлы мас болып, әуежайда жанжал шығарды ма?

cover Фото: Instagram / Жұбаныш Жексенұлы

Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлына әуежайда мас күйінде өзін рұқсатсыз бейнежазбаға түсірген әйелге дөрекілік көрсеткені үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл оқиға 21 шілде түнгі уақытта  Астана қаласының халықаралық әуежайында болды. Жұбаныш Жексенұлы өзін видеоға түсіре бастаған әйелге балағат сөздер айтқан әрі келіншектің қолын қағып жіберіпті. 

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасап,  қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғаны үшін әншіге 20 АЕК 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салды.

«Жексенұлы өзінің кінәсін жартылай мойындап, сол сәтте эмоционалдық күйде болғанын, істеген ісіне өкінетінін айтып, кешірім сұрады. Жәбірленуші әйел оқиғаны растаған әрі сотта құқық бұзу факті бейнежазба арқылы дәлелденген», — делінген мамандандырылған ауданаралық соттың түсіндірмесінде. 

Мұндай бұзақылық жасаған адам заң бойынша 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамалады немесе 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Алайда, әлеуметтік желіде көпшілік әншінің рұқсатынсыз өзін видеоға түсіре бастаған келіншектің ісі де дұрыс емес екенін әрі оны да жазаға тартуды жазып жатыр. Желі қолданушылары, егер келіншек телефонын алып, жеке шекараны бұзып түсірмегенде арты мұндай болмайтынын айтып пікір қалдырып жатыр.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар