Жомарт кенішіндегі адам өліміне әкелген апатқа Қазақмыс кінәлі деп танылды

cover Фото: Orda.kz/Ольга Ибраева

Ал, компания бұрынғы қызметкерін сотқа беріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Үкіметтік комиссия Ұлытау облысындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Жомарт кенішіндегі апатқа метанның тұтануы себеп болғанын анықтады. Бұл туралы Олжас Бектеновтің депутаттардың сауалына берген ресми жауабында айтылған.

Тергеу нәтижелері бойынша қауіпті концентратта газдың жиналуы кен қазбаларында тектоникалық бұзылулар салдарынан болған. Сондай-ақ апатқа келесі факторлар себеп болды:

 

• жарылыстан қорғалмаған электр жабдықтарын пайдалану;

• желдету жүйесі тиімділігінің жеткіліксіздігі;

• газ құрамын уақтылы бақыламау;

• тиісті өндірістік бақылаудың болмауы.

 

«Жұмыс берушінің кінәсінің – 100% екені анықталды. Ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүріп жатыр» деп жазылған премьер-министрдің жауабында.
 

Ал, «Қазақмыс» компаниясы сирек жер металдарын заңсыз экспорттады деп айыптаған бұрынғы қызметкерін сотқа беріп жатыр. Бұл туралы корпорация өкілдерінің депутат Азат Перуашевтың атына жолдаған хатынан белгілі болды.

Ақпан айында Ұлытау өңіріндегі Жомарт кенішінде жеті кенші қаза тапты. Осыдан кейін «Қазақмысқа» қатаң сын айтыла бастады. Корпорация қауіпсіздік мәселесіне байланысты барлық дерлік нысандарының жұмысын уақытша тоқтатты.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар