Жоғары лауазымды полицей қол астындағы қызметкерді соққының астына алды

cover

Алматы облысында жоғары лауазымды полицейге қол астындағы қызметкерді ұрғаны үшін айып тағылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Видео әлеуметтік желіде тарады. Онда ақ футболка киген ер адам полиция формасындағы азаматты ұрып жатқанын көруге болады. Жазба авторы «Наурызбай ауданы полиция бастығының  орынбасары қол астындағы жас қызметкерді соққының астына алып жатыр» деген.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі іс бойынша қызметтік тексеру басталғанын айтты.

– Тексеру барысында видео зерттеліп, мән-жайлар анықталатын болады. Полиция департаментінің тәртіптік комиссиясымен кінәлі тұлғаларға қарсы қатаң шаралар қабылданады, - делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар