Жетісу облысында кішкентай баласын өлімші етіп сабаған әйел мәжбүрлі түрде емделеді

cover Фото: Бейнеден кадр

Жетісу облысында баласын жылу батареясына байлап, аяусыз ұрған әйелге қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Панфилов аудандық сотында 28 жастағы әйелге қатысты іс қаралды. Әйелдің психикалық ауытқуы бар екені анықталып, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. 

«Әйелдің мінез-құлқында айқын бұзылыстар бар. Оған күтім мен емдеуді қажет ететін жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі диагнозы қойылған. Қылмыс жасалған сәтте ол өз әрекетінің нақты сипаты мен қоғамға қауіптілігін түсіне алмаған» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Сот әйелді мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар