Жетісу облысында қар құрсауынан 39 адам құтқарылды
Сурет көрнекілік үшін
Жетісу облысында 2024 жылдың 12 және 13 қаңтарында республикалық маңызы бар Үшарал – Достық тас жолында қарлы боран мен көрінудің нашарлығынан 49 көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрып қалған көліктердің 42-сі жүк көлігі.
Азаматтарды эвакуациялау үшін төтенше жағдайлар қызметкерлері арнайы жол талғамайтын көліктермен жолға шықты.
«Қабылданған шаралардың арқасында Достық және Көктұма станцияларында қар құрсауында қалған 39 адам, оның ішінде 15 Беларусь азаматы эвакуацияланды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес. 15 жүргізуші эвакуациядан бас тартып, көліктерінде қалды. Айтуларынша, оларда бір апталық жанар-жағармай және азық-түлік қоры бар» деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Облыстық құтқарушылар тұрғындарды ауа райының өзгеруін бақылап, дауылды ескерту хабарламаларына немқұрайлы қарамауға және қажетті сақтық шараларын қабылдауға шақырады.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады