Жекеменшік мектептер желісін дамыту қажет – Асқар Мамин

cover Фото: vlast.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында BINOM және Quantum STEM School инновациялық мектептерінің ашылуына қатысты.

Бұл туралы Orda.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

BINOM School – қазақстандық жалпы білім беру үдерісіне озық әдістемелерді енгізетін жаңа бренд. 2021-2022 жылдары елордада осы форматтағы 6 мектеп ашылады. Әрбір оқу орны екі ауысымда 4 мың оқушыға шақталған.

Оқыту отандық модель мен Финляндия, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяның алдыңғы қатарлы халықаралық жүйелері негізінде ұйымдастырылған. Жобаны BI Group холдингі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты бойынша жүзеге асырып жатыр.

– Мемлекеттік-жекешелік әріптестік моделі бойынша инновациялық оқу орындарын салуды арттып, жекеменшік мектептер желісін дамыту қажет. Бизнеспен бірлесіп іске асырылған озық оқу орындарын құру жобалары орта білім берудің жаңа стандарттарын қалыптастыруға үлгі болады, - деді А. Мамин.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар