«Жатақханада телефон ұрлайтын»: Перизат Қайратқа тағылған тағы бір айып
Коллаж: Orda.kz
Қайырымдылық қорының негізін қалаушы, белгілі белсенді Перизат Қайрат тағы да үлкен жанжалдың ортасында қалды. Онымен колледжде бірге оқыған қыз оның бұрын телефондарды ұрлап, оқудан шыққаны жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Перизаттың бұрынғы курстастары оның колледжде оқыған кезінде телефон ұрлағаны үшін ұсталғанын, сол үшін оқудан шығарылғанын мәлімдеді.
«2 курста Қасенғалиева Перизат деген қыз бізге ауысып келген болатын. Азғантай уақыттың ішінде телефондарды, камераларды ұрлап күн көргенін білеміз. Сол үшін оны оқудан шығарып жіберген болатын. Қайда жүр екен деп ойлап жүрген едім. Бүгін менің мұғалімімнен хабарлама келді. Сөйтсем, бұл сол Қасенғалиева Перизат екен. Ауру қалса да, әдет қалмайды...», — деді қыз.
Бұл жайлы Еділов телеграм арнасына жариялап:
«Ақтаудағы колледж қызметкері Алиса Арман студенті Перизат Қайратты (бұрын Қасенғалиева болған) таныды. Оның сөзінше осы қыз жатақханада телефон ұрлағаны үшін оқудан шығарылған» деп жазды.
Сонымен қатар, ол Палестина халқына көмек туралы жалған есептерді иемденіп, қайырымдылық қызметі көрінісін жасаған деп айыпталып жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратты көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыптағаны белгілі болды. Тергеу мәліметінше, бұл қаражат мынадай мақсаттарға жұмсалған:
Сәнді көліктер: Mercedes-Benz S450 (88 млн теңге), Lexus LX-600 (80 млн теңге), Haval (39 млн теңге).
Элиталық жылжымайтын мүлік: Akbulak Riviera, Highvill Ishim Gold, «Көк Жайлау» тұрғын үйлерінен пәтерлер және Vela Village коттедждер қалашығындағы мүлік (жалпы 600 млн теңге).
Шетелдік демалыстар: Дубай, Лондон, Доха сияқты қалаларға сапарлар, St. Regis және Palazzo Versace секілді люкс қонақ үйлерде тұрған.
Тергеу мәліметіне қарасақ, Перизат жақын туыстары мен достарын тартып, қор қаражатын 8% комиссиямен қолма-қол ақшаға айналдырған.
Бұған дейін Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жеткілікті көмек көрсетілмегені үшін мемлекетке сын айтып, халық атынан белсенді болып сөйлеген болатын. Тергеу әлі жүріп жатыр. Толығырақ зерттеуді мақаламыздан оқыңыздар.
Жаңалықтар
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ