Жасыл көпірдің қала тұрғындарына керегі бар ма?

cover

Алматылықтар әл-Фараби даңғылына жасыл көпір салу жобасына қарсы.

«Алматыны қорғаймыз» қоғамының төрағасы Салтанат Тәшімова Orda.kz үшін қала билігінің шақырымдық көпір салу жоспарына түсініктеме берді.

Қоғам белсендісінің пікірінше, Алматы сапасыз, ретсіз құрылысқа батып, әл-Фараби даңғылына көпір салу — қазірдің өзінде қиын экологиялық жағдайды одан ары нашарлатады.

Cтроят мост и уничтожают сады: Что делать алматинцам?
Салтанат Ташимова/ Фото: Facebook

— Көп жылдар бойы олар жоспарсыз құрылыспен экологияны құртып жатыр. Нәтижесі — көк түтін мен көлік тығыны. Ағаштарды кесіп, таулы аймақтардағы бүкіл бақтарды жойды. Дұрыс бақылау болмағандықтан егілген 90 пайыз көшет қурап қалды. Енді кенеттен қаланың негізгі көлік артериясына көпір салу идеясы пайда болды. Көпір тұрғындарға қажет емес. Ол онсыз да нашар өтетін желдің жолын жабады. Бұл экологияға тағы бір соққы.

Салтанат Тәшімованы бар туристік нысандарды қиратып, қалаға жаңа туристік нысан салу не үшін керек деген сұрақ мазалайды. Бұндай жағдайда әдеттегідей тұрғындардың пікірі ескерілмейді.

— Тұрғындарға көпір салынатын аймақ зерттеліп, суару жұмыстары жүргізіліп, су арналары тартылып, «жаңа және ерекше қоғамдық кеңістік пайда болады» делінген. «Жасыл көпір» шынымен де туристердің шоғырлануын қалыптастыратын, адамдардың көз қуанышына айналатын туристік орын бола ала ма? Күнделікті көлік кептелісі болатын даңғылға салынған көпірді «жасыл» деп атауға келмейді.

Cтроят мост и уничтожают сады: Что делать алматинцам?

— Алма бақтары жойылған алма қаласына жаңа туристік нысан қажет пе? Дайын туристік нысандар бар. Олар қала тұрғындарының көз қуанышы. Тұрғындар ағаштарды кесуге, әр жердегі құрылыстарға қарсы. Бірақ ағаштарды, бақтарды жаппай кесу жалғасуда. Алматылықтардың пікірлері ескерілмейді.

Белсенділер жаңа жобаларға қызығушылықтың басты себебі — сыбайлас жемқорлық дейді.

— Қазір тұрғындарға миллиардтаған бюджеттік қаражатқа салынатын түрлі жобалар ұсынылуда. Бұл жобалар қаражатты жымқыруды ғана мақсат ететін болу керек. Қарапайым мысал — құны 1,2 млрд теңге болатын Әуезов театрының жанындағы саябақты қайта жаңғырту жұмыстары. Халық қазынасынан миллиардтаған қаражат жұмсалды. Шенеуніктер ақшаны қалталарынан шығарған жоқ. Бұл ақша - халықтың қазынасы. Неліктен жаңа жобалар тұрғындармен талқыланбайды?

«Алматыны қорғаймыз» белсендісі қоғам өкілдерімен зум-конференциялардың нашар ұйымдастырылуына қатысты да пікір білдірді.

— ЗУМ арқылы кездесулер белгіленді, бірақ неше түрлі техникалық ақауларға байланысты кездесулер дұрыс өтпеді. Бірде қате сілтеме, бірде құпиясөз қате жазылған. Нәтижесінде белсенділердің көпшілігі онлайн талқылауға қатыса алмады. Бұндай жобаларды адам саны аз онлайн кездесулерде емес, нақты кездесулерде талқылау қажет.

Алматылық Сурия Есентаева Салтанат Тәшімованың - «қоғам әл-Фараби даңғылында салынатын жаңа көпір құрылысына қарсы» деген сөздерін растады.

— Мен Алматы қаласының тұрғынымын, осы қалада туып өскенмін. Олар (билік) Алматыны неліктен сонша ұнатпайтыны түсініксіз. Қаланы не үшін қиратады? Бұл қаланы бұзу. Тұрғындар үшін қолайсыз жағдайлар көп. Алматылықтар бұндай жоспарларға қарсы.

Алматы тұрғыны қала құрылысы бойынша ауқымды жоспарларды неге халықпен талқыламайтынын сұрады.

— Мен бәрін түгел оқимын деп айта алмаймын. Бірақ қаланы абаттандыру туралы жаңалықтарды қадағалап отырамын. Мен бұл құрылыс туралы бірінші рет естідім. Солтүстік бағытта жеткілікті орын бола тұрып, құрылыс неліктен жоғарғы аудандарда жүретінін түсінбеймін. Даңғылда көліктер шақырымға жететін кептелісте тұрғанда қайдағы көпір?

Сурия Есентаева Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы аудандардағы құрылысқа тыйым салғанын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осыған ұқсас тыйым салғанын, Алматыда ағаштарды кесуді тоқтату, алма бақтарын сақтау туралы тапсырмаларды еске алды.

— Біз не көріп отырмыз? Президенттің тыйымдары мен тапсырмалары орындалмайды, тіпті еленбейді де. Қазір жоғарғы аудандарда, сонын ішінде әл-Фараби даңғылында құрылыс тоқтады деп айтуға бола ма? Барлық тыйымдарға қарамастан, жоғарғы аудандарда құрылыс тоқтамайды, қала бойынша ағаштар кесіліп, таудағы бақтар толығымен жойылды. Біздің байлығымыз — алма бақтары жойылып жатқанда бұл көпірдің не керегі бар? - деп түйіндеді алматылық.

Еске сала кетейік, Алматыда әл-Фараби даңғылының үстінен жаяу жүргіншілер көпірін салу жоспарланып отыр. Ол ботаникалық бақ пен «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндері кешенін жалғайтын болады.

Авторы: Сәуле Сәденова
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар