Жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

cover Фото: depositphotos

Оқыс оқиға Индербор ауылында болған.

Туыстарының айтуынша, 15 жастағы жасөспірім Жайық өзенініне  шомылуға кетіп, үйіне оралмаған.

«29 мамыр күні сағат 04:48-де Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен жасөспірімнің денесі судан шығарылды» деп жазады Атырау ТЖД желідегі парақшасында.

Құтқарушылар балаларды су басқан аумақтарға жібермеуді, қырағы қарап, олардың қауіпсіздігін қадағалауды сұрайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар