Жасанды интеллект Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы футбол маусымы күнтізбесін жасады

cover Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Жасанды интеллект Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы футбол маусымы күнтізбесін жасап берді, деп хабарлайды Orda.kz.      

Қазақстан футбол федерациясы кеңсесінде 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының маусымдық күнтізбесін жасау рәсімі өтті.

Жеребе тарту онлайн форматта ұйымдастырылып, оған ҚФФ басшылығы, футбол клубтарының өкілдері, сондай-ақ Astana Hub резиденттері жасанды интеллект технологияларын қолданып күнтізбе құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеген отандық мамандар қатысты.

Жарысты жоспарлауда жасанды зердені қолдану әлемдік тәжірибеге толық сәйкес келеді. УЕФА еурокубок турнирлері жеребесін өткізу барысында инновациялық технологияларды пайдаланады, сондай-ақ жетекші футбол клубтары мен ұлттық құрамалар күнтізбені оңтайландыру, жүктемені басқару және ұйымдастырушылық үдерістер тиімділігін арттыру мақсатында осындай цифрлық шешімдерді кеңінен қолданады.

Заманауи цифрлық құралдарды енгізу жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту жөніндегі міндеттер аясында жүзеге асырылуда. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, спортты қоса алғанда барлық негізгі салаларға ЖИ шешімдерін енгізуді басым бағыт ретінде айқындаған болатын.

Күнтізбені құрастыру кезінде алгоритм спорттық және ұйымдастырушылық факторлардың кең ауқымын ескерді. Олардың қатарында стадиондардың қолжетімділігі, ауа райы жағдайлары, клубтардың еурокубоктарға қатысуы, ФИФА-ның халықаралық күнтізбесі, үй және сырт алаңдағы матчтардың теңгерімі, инфрақұрылымның жалпы жүктемесі, ірі қалалық іс-шаралардың өткізілуі, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелері мен жекелеген матчтарға жоғары назар аудару қажеттілігі бар.

Еске салсақ, былтыр қараша айында Тоқаев «ЖИ туралы» заңға қол қойды. Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерін орындау құралы ретінде қарастырылады

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар