Жасөспірімдер арасындағы төбелес пышақтасуға дейін апарды

cover

Алматы облысының Бастөбе ауылында 17 жастағы қыз көшеде құрдасын пышақтап кетті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Анықталғандай, қыздар мектеп қабырғасында тіл табыса алмаған. Сөйтіп көшеде сөзге келісіп қалған. Біреуі жағдайды реттемекші болып, екіншісін көшеге шақырған. Таяқ жеген жасөспірім үйіне қашып барып, пышақ алып шығып құрдасын пышақтап кеткен.

Полиция департаментінің айтуынша, 13 маусым облыстық ауруханаға Бастөбе ауылынан 17 жасар қыз ауыр жарақаттармен түскен.

Қазір қылмыс құралы тәркіленген. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Кәмелет жасқа толмаған күдікті ата-анасының бақылауына алынды.

Факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша іс қозғалды. Күдікті 3-8 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар