Жарылыстан қаза тапқан тағы бір адамның денесі табылды

cover

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орын алған жойқын жарылыс кезінде қаза тапқан азаматтың денесін туысқандары таныды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Ол №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Сергей Заикин болып шықты.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, оның денесі әскери бөлім маңынан табылған.

Сергей Заикинді қосқанда Байзақтағы жарылыстан көз жұмғандар саны 15 адамға жетті.

Ендігі кезекте іс-түссіз жоғалған тағы бір адам іздестірілуде.

Еске салайық, 26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жойқын жарылыс орын алды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар