Жаркентте баласын байлап сабаған әйелдің психоневрологиялық есепте тұрғаны анықталды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Жетісу облысының Жаркент қаласында өз баласын аяусыз соққыға жыққан әйелдің диспансерлік есепте тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Баласын байлап қойып,аяусыз соққан әйел 28 жаста, ал оның күйеуі 30 жаста. Ерлі-зайыптының екеуі де Жаркент қаласындағы №4 арнайы облыстық мектеп-интернатта тәрбиеленген. Әйел ата-анасынан ерте айырылған, ал күйеуі ата-анасының қамқорлығынсыз өскен.
«Ерлі-зайыптының жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі мен зерде бұзылысы диагнозы бар. Олар психоневрологиялық диспансерлік есепте тұрады. 18 қаңтар күні сағат 23:30 шамасында бұл отбасы полиция қызметкерлерінің көмегімен Отбасын қолдау орталығына жеткізілді. Балалар медициналық тексеруден өтті, ал анасы полиция бөлімшесіне қалдырылды», деп хабарлады қалалық әкімдік.
Жергілікті әкімдік өкілдері балалардың әкесімен психологиялық тұрғыда әңгімелесіп, бүлдіршіндерге арналған сергіту және дамыту ойындар ұйымдастырды. 4 және 2 жастағы бүлдіршіндер қазіргі уақытта Жаркенттегі «Жанұя» отбасын қолдау орталығына орналастырылған.
«Балалардың бойынан қорқыныш немесе үрей байқалған жоқ, олар бірден ойнап кетті. Анасының қасында өздерін қалай ұстайтыны бізге белгісіз, бірақ орталыққа келгенде олар ешқандай ерекше мінез-құлық көрсетпеді», – деді орталық мамандары.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің жеке басы бірден анықталып, ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қорғаншылық және қамқоршылық органына анасын ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастыру туралы тиісті ұсыныс жолданады», деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаменті.
Балалар құқықтарын қорғау комитеті де бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.
Еске сала кетейік, 19 қаңтарда Жаркентте 28 жастағы әйелдің өз баласын жылыту батареясына байлап, аяусыз ұрып жатқан бейнежазбасы желіде тарады.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады