Жарапазан қазақта жоқ салт па? Журналист дәстүрдің мәнін түсіндірді

cover Фото: amin.kz

Журналист Қуаныш Біләл жарапазанды ұлтты қайыршылыққа тәрбиелейтін сарт-сығандардың салты дейтіндерге жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ол Facebook парақшасында Рамазан айында әр шаңырақта шырқалатын жарапазан әнінін мән-мағынасын түсіндірді. 

«Тамырсыздар үшін жарапазан тек қайыр сұрау мен тамақ асыраудың амалы болса керек. Ал бізді жарапазан ең алдымен өлең мен өнерге құмар етті», — деді ол. 

Журналист жарапазан айту арқылы жастар жағы үлкендерден бата алатын да қосты. Жарапазан айтып елмен аралас-құралас болған адамдар сый-құрметке бөленетінін де жасырмады.

«Рамазан айы қазақтар үшін қатып-семіп қалған діни мейрам емес. Ел-жұртты елең еткізіп, өлеңге, өнерге, бауырмалдыққа, жомарттыққа, имандалыққа тәрбиелейтін керемет кешкі мерекенің бірі болды. Ал қазақтың ауыз әдебиеті жарапазанмен байымаса кеміп қалған жоқ», — деді Қуаныш Біләл. 

Жураналист қазіргі жарапазан айту дәстүрін бір ізге түсіру, арнайы тәртіп-ережесін белгілеу керегін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар