Жанжал ошағы: Мурманскта қазақтар не үшін төбелесті

Белокаменкада төбелес неден пайда болды және Ресейдің солтүстігінде қазақстандық мигранттар қалай тұрады?
Қазақстандықтар «Ресейде жақсырақ» деген пікірге үйренген. Алайда, өмір мен еңбек жағдайлары көршілес елде айтарлықтай жақсы емес. Orda.kz Белокаменкадағы жұмысшылар не үшін төбелескенін және қақтығысқа Қазақстан азаматтары неге қатысқанын білді.
Жұмысшылар арасындағы төбелес 23 наурызда Мурманск облысының Белокаменка ауылындағы ауысыммен жұмыс істейтін адамдар арасында орын алды. Мұнда 10 мыңға жуық адам, соның ішінде Түркия, Қытай, Қазақстан және басқа республикалардан келген адамдар жұмыс істейтін ірі тонналы теңіз орталығының құрылысы жүріп жатыр. Желіде қазақ сөзі естілетін төбелес бейнесі пайда болды. Ресми мәліметтерге сәйкес, төбелес салдарынан алты адам зардап шеккен, барлығы Ресей азаматтары.
Мурманск қаласының бұрынғы тұрғыны, қазіргі алматылық Тарас Игашов бізге қалада және облыста жұмыссыздық орнағанын, алып кәсіпорынды негізінен заңсыз мигранттар, яғни ең арзан жұмыс күші құратынын айтты.

— 2019 жылдың күзінде Мурманск Белокаменкада үлкен ғимарат салынып, 10-15 мың мигрант әкелінді. Сонымен қатар, Мурманск тұрғындарының өздері лайықты жалақыға жұмыс таба алмайды. Пандемия басталған кезде, Белокаменкада халықтың көп жиналуына байланысты жұқтыру ошағы пайда болды деген әңгімелер басталды. Көптеген өлім тіркелді.
Игашов сырттан келгендерді жұмысқа тартқанда оларға тиесілі еңбек жағдайлары жасалмайтынын айтты.
— Менің ойымша, бұл жанжалдың себебі ұлттық мәселе болды. Сырттан келгендер ішінде славяндар көп. Негізінде, Мурманск - көпұлтты қала. Мұнда көшіп келгендер көп. Бұл скинхедтер қонақтарды қуып жүрген Санкт-Петербург немесе Мәскеу емес.
Бұл жолы жанжал жергілікті көлемде болды. Мурманскіде бұл жағдайды бәрі бірдей білмейді. Игашовтың таныстары - Мурманск тұрғындары жергілікті теледидарда Белокаменкадағы төтенше жағдай туралы айтпағанын және мұндай адаңдаушылық тудырған кадрлар көрсетілмегенін айтады.
Авторы: Анна Даниловская
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты