Жаңаөзенде жұмысшылар ереуілге шықты
Фото: Freepik
Жаңаөзенде «МұнайСпецСнаб Компани» жұмыскерлері еңбек құқығының тапталуына байланысты ереуілге шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
28 қазан күні олар ерікті түрде жұмыстарын тоқтатып, істемей қойған.
«Біз, «МұнайСпецСнаб Компани» ЖШС жұмысшылары, еңбек құқықтарымыздың бұзылуына және әлеуметтік әділетсіздікке алаңдаймыз. Талаптарымыздың орындалмауына байланысты біз 2025 жылғы 28 қазанға қараған түннен бастап жұмысты тоқтаттық. Біздің талаптарымыз – әділеттілік пен жұмыскер құқығының қорғалуы, сондай-ақ басшылықтың біздің үнімізге құлақ асуы» деп мәлімдеді бейнероликте олар.
Жұмыскерлердің сөзінше, жалақы көтерілмеген, Конституция күніне сыйақы да берілмеген.
Еске сала кетейік, 27 қазанда Алматы қаласы әкімдігіне Бостандық ауданының ондаған тұрғыны жиналды. Олар әлі ашылмаған №224 жаңа мектептің қазақ тілінде білім беруін талап етті. Жаңа мектеп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. 2500 оқушыға арналған бұл мектеп — қаладағы ең ірі әрі заманауи нысандардың бірі. Алайда мектептің есігі ашылмай жатып-ақ оның оқыту тілі ата-аналар арасында қызу талқылауға түсті.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады