Жамбылдағы жарылыстың бейнебақылауға түскен видеосы жарияланды

cover

Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жойқын жарылыс кезіндегі бейнебақылауға түскен видеолар легі желіде жарияланды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

AIBAT жаңалықтар қызметі әскери бөлімшеге жақын орналасқан дәмхананың бейнебақылау камерасына түскен видеоларды жариялады.

Таспада жойқын жарылыс екпіні дәмхана қонақтарын бірнеше метрге ұшырып жібергені бейнеленген. Бейнебақылауға сондай-ақ сауық кешенінің жабық қақпасынан секіріп өтіп қашқан әскери форма киген адамдар түсіп қалған.

Еске салайық, 26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жойқын жарылыс орын алды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар