Жамбылда марқұм әкесінің бауырынан жүкті болған 13 жасар қыз босанды
Фото: freepik.com
Ақпан айында Жамбыл облысында 13 жастағы қыз марқұм әкесінің бауырларынан жүкті болып, бала босанғаны белгілі болды. Осы жағдайға қатысты адвокат Ләззат Рақышева үн қатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жас қыздың жантүршігерлік жағдайын бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлады. Ағаларынан зәбір көрген қыз жергілікті психологқа «өмір сүргім келмейді» деп бірнеше рет хат жазған. Алайда, психолог бұл хатқа аса мән бермеген. Ал анасы қызының қорлық көріп жүргенін тіпті байқамапты.
«Жамбыл облысында 13 жастағы қызды қайтыс болған әкесінің туған екі бауыры алты жыл бойы зорлап келген. Менің әріптестерім ол жерге барған. Өкінішке қарай, қыздың жүкті екені анықталып, ол босанды», — деді Зәкиева.
Кеше, 3 маусым күні адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялап, іссапармен Жамбыл облысын барып, зәбір көрген жас анамен жолыққанын айтты.
«Сапарымызда осы кішкентай қызымызбен жолықтық. Тағдыры өте қиын. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, 1-сыныптан бастап ағалары зорлай бастаған екен. Біздің заңгерлер оның құқығын қорғайды», — деп жазды ол.
Айта кетейік, ақпан айында Таразда 16 жастағы жасөспірім өгей әкесінен жүкті болып, «ерте жүктілік» диагнозымен босанған еді.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады