Жамбыл облысындағы мектептегі буллинг: балалар құрбан болып жатыр, жауаптылар оны жасырып әлек
Фото: Elements.envato.comи
Өңірдегі балалар бопсалау, соққыға жығу және ересектердің немқұрайлығымен бетпе-бет келіп жатыр. Көптеген оқушы болған оқиға жайлы айтуға қорқады. Оқушылар қудалау мен зорлық-зомбылық туралы шағымданады, ал бірақ мектептердің есептерінде «мәселе 0 %» деп көрсетілген. Жамбыл облысындағы оқу орындарында шын мәнінде не болып жатқанын Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Динара Зәкиева өңірде жүргізілген тексеріс нәтижелерімен бөлісті.
«Балаларға қатысты қылмыстар үшін жазасыз қалу мәселесі, әсіресе мектептерде балалар арасында болып жатқан жағдайларға немқұрайлы қарау мен елемеу — өңірде әлі де өзекті» деп жазды омбудсмен өзінің Instagram парақшасында.
Жасырыну және деректерді бұрмалау
Психологтар жүргізген сауалнамаларға қарамастан, онда балалар қудалау, бопсалау және зорлық туралы ашық айтқан, бірқатар мектеп басшылығы есептерде ешқандай мәселе жоқ деп көрсетіп, шынайы жағдайды бұрмалап отыр.
Шын мәнінде не болып жатыр
Омбудсмен бірнеше нақты мысал келтірген.
Шу қаласындағы мектептерде жасөспірімдер бопсалау, ұрып-соғу және электрошокер қолдану — үйреншікті жағдай екенін айтқан. Қыздар жыныстық зорлықтың құрбаны болудан қорқатындарын мойындаған.
Қордай ауданында балалар «әлімжеттік» туралы жазуда: жоғарғы сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларын дүкеннен тамақ пен шырын алуға мәжбүрлейді, тас лақтырады, ал қыздар бір-бірімен төбелеседі. Мұғалімдер айқайлап, балағаттайды, тіпті оқушыларға зат лақтыратын жағдайлар да кездеседі.
Таразда, қыркүйек айында мектеп дәретханасында оқушы қаза тапқан қалада, балалар бұдан бір жыл бұрын буллинг туралы шағымданған, алайда мектеп ешқандай әрекет жасамаған.
Жағымсыз статистика
Жыл басынан бері облыста 14 бала суицид жасаған. Динара Зәкиеваның пікірінше, оның жетеуінде қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді — балалар көмек сұраған, бірақ ешкім тыңдамаған.
«Балалар бұл өңірде өзін қорғалған сезінбейді. Өкінішке қарай, мұндай жағдай облыстық полицияның балаларға қатысты қылмыстарға деген көзқарасын ескерсек, енді ешкімді таңғалдырмайды»,— дейді ол.
Омбудсмен мысал ретінде 8 жастағы қыздың өгей әкесі тарапынан ұрып-соғу фактісін келтірген. Қолында соққы іздері бар суреттер болғанына қарамастан, іс жабылған.
«Екінші жағдайда, қазан айының басында 4-сынып оқушысы өгей әкесінің өзіне қорлық көрсетіп жатқанын айтқаннан кейін, полиция тек қорғау нұсқамасын беріп, баланы сол үйде, қорлық көрсеткен адаммен бірге қалдырған».
Омбудсмен тағы бір неғұрлым ауыр оқиға жайлы баяндады: бір қыз бала жеті жасынан бастап ағасы мен көкесінің зорлығына ұшыраған.
«Көз жасын төгіп отырып, ол маған тергеушімен сөйлескеннен кейін тергеу әлі жүріп жатса да, әділетке сенуден қалғанын айтты» деп жазылға хабарламада.
Неге балалар қорғалмай отыр?
Зәкиеваның айтуынша, өңірде балаларға қатысты зорлық-зомбылық істерінің үштен бірінен азы ғана сотқа дейін жетеді. Бұған себеп — тергеушілердің салғырттығы мен ресурс жетіспеушілігі. Мысалы, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекцияның 154 қызметкерінің иелігінде небәрі 15 қызметтік көлік бар. Соның салдарынан инспекторлар ауылдарға өз қаражатымен баруға мәжбүр.
Қыркүйек айында Тараз мектептерінің бірінде үзіліс кезінде болған өлімге әкелген төбелес туралы біз бұған дейін жазғанбыз. Үзіліс кезінде дәретханада оқушылар арасында жанжал туындап, балалар төбелескен. 9-сынып оқушысы ішінен соққы алған соң, көп ұзамай көз жұмған.
Оған қоса 1 қыркүйекте Тараз қаласында мектеп оқушылары төбелесіп, бір жасөспірім пышақ жарақатынан қайтыс болды.
Былтыр Таразда оқушы қызды зорлау ісі бойынша тергеу жұмыстарын жылы жабуға тырысты. Бізге Тараз қаласының тұрғыны хабарласып, 12 жасар қызының топтасып зорлау құрбаны болғанын айтты. Оның айтуынша, көрші жасөспірімдер мектеп оқушысына бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасап, оқиғаның барлығын видеоға түсіріп алған.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп